«Сайлаухан»

емдеу, қайта оңалту кешені

Мекенжайымыз: Қазақстан Республикасы,

Алматы қ., Қонаев көшесі, 1.

+7 707 203 60 35

+7 701 179 06 06

+7 777 927 38 38

sailaukhan.kz@mail.ru

Толық версиясы

English

اللغة العربية

Рус

Қаз

Сумен емдейміз!

Алла тағала кез-келген адамға өзіне лайық ерекше қабілет береді. Бір адамға шығармашылық шабыт берсе, екінші пендеге балуанға тән қара күш қабілет береді, енді біріне адамды сырқаттан айықтыратын емшілік сияқты қасиеттер сылайды. Алланың берген сол қабілетін біліммен ұштастырып, ел мен жерге қызмет етудің сауабы шексіз.

 

Суды ысырап етпеу керектігін дініміз Исламда да, дәстүрімізде де айтылған. Судың киесі бар екенін үлкендер жиі айтып отыратын. Қазақтың: «Суды шашыратпай жуын, «Суды шашып ойнамаңдар», «Ағын суға түкірме», – деген тыйымдарында да даналықтың негізі жатқанын енді біліп, сырына көз жеткізіп отырмыз.

«Сайлаухан» емдеу-сауықтыру оталығынан шығарылатын судың емдік қасиеттері мен сауықтыру қасиеті ғылыми институттарда зерттелу үстінде. Ең озық деген технологиямен жарақтанған ғалымдар судың ғажайып емдік сырын әлі зерттеу үстінде. Адам тылсым күштің көмегімен дем салынған суды пайдаланса, көңілі көтеріліп, мінезі жұмсарып, ақыл-ойы кеңейіп ерекше әсерге бөленеді. Өмірге деген құштарлығы оянып, жігер мен шабыт сыйлайды.

Біз ең бірінші алдымызға келген адамның көз қарашығы мен бет әлпеті, дене пішініне қарап диагноз қойып, мінез-құлқына қарап ем береміз. Емді алыс қашықтықтан да беруге болады. Мәселен, телефон арқылы диагноз қойып, емделушінің үйінен-ақ арнайы ыдысқа құйылған суына дем салып, қалай, қашан қолдану керектігін түсіндіріп, ем бере аламыз. Сонымен  бірге біз әсер еткен емдік суды ішкен адамды бірнеше рет арнайы аппараттармен тексеруден өткізгенде, ол су асқазандағы тамаққа, шайға, кофеге, басқа да сусындарға араласпай әрбір мүшедегі дертке тікелей әсер беретіні анықталды.

Бүгінгі күні ғалымдар тәжірибеге сүйеніп, адамның жасына, оның дертіне қарап сан түрлі дәрілер жасап шығуда. Алайда, ғылым адамның қатерлі дерттерден айығып кетуіне кепілдік бере алмайды. Өйткені, адамның өзіне тән жан дүниесі, ішкі, сыртқы болмысы бар. Мұның бәрін ескермей химикатты қолдана беру қиындықтарға алып келуде. Осындай жағдайда дерттің себебі мен емделу жолдарын жан-жүрегімен сезініп барып емдейтін емшіліредің орны ерекше. Аяқ-қолы тартылып, жүре алмай, көтеріп алып келгенде емделушінің тік тұрып жүріп кеткенін көргенде туыстары алғыстарын жаудырып, әртүрлі дәрі-дәрмекті бере бермей бізге алып келгеніне қуанып жатады. Әрине, шексіз алғыс айтып, құлшылық етуге лайық бір Жаратушы ғана.

Қазір алғыс хаттар қоржынымды ақтарып отырсам, жүздеген жолдаулар келіп түскен екен. Атырау облысы Мақат ауданы Доссор кентінен Серікбай Мейрамов деген азамат былай жазады: «Үш ұлымның кенжесі Асылбек өткен жылы, яғни  2008 жылдың наурыз айында он бес жасқа толар шағында аяқ астынан қатты ауырды. Баламның зәрі жүрмей, он күннің ішінде басы екі бас болып, тұла-бойы ісіп кетті. Содан жергілікті жердің дәрігерінен бастап, облыс орталығындағы балалар ауруханасында емделді. Дәрігерлер балаға «Острый хронический синдром» деген диагноз қойды. Күндердің күнінде емші Сайлауханға хабарластық. Ол кісі телефонмен баланың қиналып жатқанын және оның қалай емделу керектігін айтты. Телефонмен. Сізге өтірік, маған шын, ем жүре бастағаннан бала қарасу болып терлеп, сұйық дәреті жиі-жиі жүріп жатты. Бір жыл бойы шықпаған тері шығып, жүрмеген дәреті жүріп, баламның жаны жай тапты. Бір аптаның ішінде бір жылғы ісіктен арылып, сыптай болып шыға келді. Біз Сайлаухан Әуелбаева апамызға қатты ризамыз. Дені сау, ғұмыр жасы ұзақ болып, бала-шағасының қызығын көріп, халықтың алғысына бөлене берсін деп тілейміз».

Иә, мұндай хаттар легі көп. Оны таңды таңға ұрып айта беруге болады.

Болашақта қолға алсақ деген жобаларымыздың бірі – емдік суларды қол жетімді болу үшін сатылымға шығарсақ, қоғамға өте пайдалы болар еді. Қазір дүкен сөрелерінде түрлі ауызсулар сатылуда. Егер олардың бәрін біздің энергетикалық күшпен активтендіретін болсақ, онда оның құрамы өзгеріп, ерекше емдік күшке ие болады. Ол тек таза су ғана болмай, ол пайдалы суға айналар еді. Әрине, мұндай суларды үлкен зауыттарда шығара алмаймыз. Ол үшін таза кішігірім цехтар керек. Алдау-арбау, жаман іс-әрекет бар жерде іс жүрмейді, өйткені бұл іс – өте кірпияздықты қажет етеді. Сондай-ақ біздің энергетикалық қуатты медицина саласынан бөлек, жамандықты жоюға да жұмсауға болады, сөйтіп, отбасында бірлік-береке орнайды. Демек, қоғамдық, әлеуметтік мәселелер де шешілер еді.

Жақсы ақпараттармен қуаттанған суымыз әр түрлі салаларда қолдануға болады. Мысалы, отбасы, мектептер, аурухана, мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы, колорадо қоңыздарын жоюға да болады. Бұл ғалымдардың ғылыми сарапатамасынан өткен тұжырымдамасы. Уыс-уыс дәрілерсіз ақ шаштың түсуі, денені жара басу, белсіздік пен бала сүю бақытын аңсаған әйелдерді Алланың құдіретімен емдеп келеміз.

 

Гүлзада СЕБЕКОВА,

кешен директоры.

Сайлаухан Ауелбаева

Сайлаухан Ауелбаева

Сайлаухан Ауелбаева

Sailaukhan_nagyz_anyz_adam

© 2020 "Сайлаухан кітаптары" баспасы