"Емші періште" Поиск №3/2012г

Поиск №3/2012ж

Емші

Періште

...Халықтық философияда әр адамның фәни дүниеге келуі мен кетуі, оның жер бетіндегі тіршілік әрекеті біздің санамыздан және еркімізден тыс белгілі бір заңдылықтың, белгілі бір қажеттіліктің жолымен байланысып жатады. Дін саласында оны Құдайдың қалауы, ақиқаттың құдіреті десе, классикалық философияда трансценденттік негіздің, яғни біздің санамыздан тыс жатқан субстанцияның тірлігі деп таниды. Сол себептен болар, адам баласы көп жағдайда алдын ала өзі істейтін жұмыстарды, әрекеттерді еріксіз, санасыз айтып қойғанын білмей қалады. Ойнап жүріп, ашуланып отырып, әлдеқандай бір сезімдердің толқынына тербеліп тұрып немесе басқа да жағдайларда әлгіндей, әлі болмаған нәрсені болғандай, соның әсерін кешіп тұрғандай сәттерді суреттеп жатады. Кейіннен ол айна-қатесіз солай орындалып жатқанын көргенде оған өзі таңырқайды. Мұндай құбылыспен көп адам өмірінде кездескен және ол әлі міндетті түрде талай кездеседі. Өйткені, өмір, табиғат, адам солай.

Сайлаухан Сұлтанғазықызы есін біліп, өзінің саналы өміріндегі қызметі жайлы ойлана бастағанда оның жанына тұңғыш болып дәрігерлік мамандығы келген еді. Мұнтаздай тап-таза, ішкі дүниесі оның сыртқы аппақ киімінен де мінсіз, пәк болып көрінетін дәрігерлік кәсіп оған жер бетіндегі теңдесі жоқ сала болып көрінді. Сол себептен де кішкентай Сайлауханға дәрігерден асқан адам бұл өмірде болмайтындай көрінді. Қиналған жанға қол ұшын беру, жылаған жүзге қуаныш сыйлау бала көңілдің толқынында үлкен, алып арманға айналды. Осы себеп оған балалық шағынан өмірдің қатал ағымына болашақ дәрігердің көзімен қарауға жетелегендей. Қолынан келіп жатса тікелей көмекке баруды, ал қолынан келмегендерге тілегімен, ниетімен жәрдемдесуге барын аямады.

Өкінішті болғанда деп айту қисынсыз болар. Өйткені, ойлаған нәрсенің уақытында орындалмауы әр кез бақытсыздыққа алып келеді деген көзқарас дұрыс емес. Орындалмай қалған ойдың немесе арманның арғы жағында қандай да бір, бәлкім, жоғары жақпен байланысты шығар, себеп жатады. Сол себеп адам баласын өмірдің өзіне қажет биіктеріне шығаруға септігін тигізеді. Ал, керісінше, орындалған ой-армандардың арғы жағы үнемі шаттықпен ұласа береді деген түсінік те таяздық саналады.

Адалдық

....Өзіндік себептерге орай Сайлаухан Сұлтанғазықызының құлаш ұрған биік талабы бір дегеннен сәттілікпен ұштаса қоймады. Ол жаққа қарай жолы болмады. Таудан тасқа, тастан тауға секіру, соның нәтижесінде өмірлік мол тәжірибе жинақтау бұл жанның маңдайына біткен тағдырындағы жазуы еді. Алдымен оқытушы болды, Алматы шет тілдері институтының неміс тілі мамандығын иеленіп, Алматы халық-шаруашылығы институтында сабақ берді. Кейіннен өмір ағымының толқындары оны оқытушылық қызметтен алыстатып, қара жұмыспен айналысуға мәжбүрледі. Өмірдің орта жасына жақындаған тұста сүйген жарының ауыр сырқатқа душар болуы жас келіншекке енді өсіп келе жатқан қызмет бабынан, кандидаттық диссертациясынан бас тартып, отбасы жылуын сақтауға  ауыстырды. Өмірдің зобалаң қиындықтарында жүріп электрик мамандығын игеріп үлгерді. Бірақ, әйел адамның өмірдегі басты міндеті ерлермен иық тірестіріп, қара жұмыс істегеу емес, одан да қоғамға беретін пайдасы мол тәрбие жұмысымен  айналысқан мақұл деген ұстаным, бір жағынан, екінші жағынан, жағдайдың реті жас келіншекті балабақшаға тәрбиеші болып орналасады. Мұнда да жай тәрбиеші болып  жүре бермеді. Өзінің педагогикалық жоғары білімінің бар екенін місе тұтпай, мектепке дейінгі балалардың педагогикасын ғылыми түрде меңгеруді алдына мақсат етіп қояды. Бұл өз тарапынан қабылдаған дұрыс қадам еді. Қанша дегенмен, Алматы шет тілдері интституты жас бүлдіршіндерді тәрбиелеудің негіздеріне көп көңіл бөлмейді. Оның мақсаты – тәрбиешілер емес, шет тілдері маманын оқыту болып табылады. Не істесе де сапалы, тыңғылықты тындыруға дағдыланған Сайлаухан Сұлтанғазықызы екінші педагогикалық мамандықты Қазақ қыздар педагогикалық институтында бірінші курстан оқуға бел байлады. Бұрыннан педагогикалық жоғары білімі бар маман үшінші курстан бастап оқуына болатын еді. Ол заң жүзінде де солай бекітілген болатын. Бірақ, жұмысына, кәсібіне деген адалдық оған сол саланы қаншалықты терең білсе, соншалықты адал, білікті атқаратыны бұл жанды өмірдің оңай емес, күрделі, биік жолдармен жүруіне арқау болды. Сөйтіп жүріп отбасын да сақтап, алтындай үш перзентін өнегелі тәрбиеге баулыды. Оларға қиындықсыз жетістік, күрессіз бақыт болмайтынын ұғындырды. Ең бастысы адалдық пен адамдықтың  қайда жүрсе де бойларынан ажырамау керектігін негізгі қағида етіп сіңдіруге бар күшін салды.

«Не ексең соны орасың». Сайлаухан Сұлтанғазықызының ойына дән болып егілген дәрігерлік арман болымсыз жаққа ұшып, біржола жоқ болып кетпеді. Қайда жүрсе де, не істесе де бойындағы емшілік қасиеті оның өзімен бірге ажырамас сыңары ретінде ілесіп жүрді: бала кезінен ауырған қуыршақтарын емдеуден бастау алған кәсіп, құрбылармен ойнағанда да, қорадағы қозы, бұзауларға қарағанда да өзімен бірге болды. Ең қызығы, Сайлауханның емдеген «пациенттері» міндетті түрде жазылып кететін. Мейлі қуыршағы болсын, мейлі сырқаттың рөлін сомдаған бала болсын, мейлі ақсаған қозы, бұзау болсын. Бәрі-бәрі: «Рахмет, жақсы болып кеттім!» дейтін ишара білдіретін. Осы көрініс бала Сайлауханға шынайы рахат сыйлайтын. Тіпті, студент кезінде де қарап жүрмеді. Ол кезде енді құрбыланының «жеке дәрігері» болды. «Пациенттерінің» ауырған жерлерін ұстап, уқалап, сипалап жібергенде ауру жоқ болып кететін. Бұл жағдай бойжеткен Сайлауханха айырықша қуаныш, күш, сенім әкелгенімен, ол басқаларға құпия еді.

Терең дария тыныш ағады

...Құпия сақтау шын емшіге тән қасиет. Терең дарияның тыныш ағантыны секілді ол көп құпияны ішіне сақтады. Шуылдап ағатын саяз сулар сияқты бар білетін болмашы өнерін мақтан етіп, артынан таусылып, бармақ шайнауды жат деп білді. Бойына қонған қасиетті ол көрінгенге көрсете беру жөн емес-ті.  Өйткені, оған әлі біраз жылдар бар болатын.

Әр нәрсенің жақсы жағы болады. Өмірдің ащы шындығының ағымында жүріп жинаған тәжірибесі Сайлаухан Сұлтанғазықызына адамды емдеу, жабысқан дертінен айықтыру мәселесіне биік тұғырдан қарауға жетеледі. Ауырған адамға оның денесіндегі физиологиялық  ағымдарға химиялық құралдармен әсер еткеннен гөрі, одан өзге, альтернативтік, халықтық медицина жолымен көмектескен көбірек тиімді болып сезілді. Ортодоксальдік медицинаның ауырған адамның бір жерін емдесе екінші бір жерін кеселдендіретіні, бір жағынан, екінші жағынан ресми денсаулық сақтау жүйесіндегі емдеу ісінде ізгілік негіздердің барлық адамдарға бірдей еместігі оның жанына қатты батты. Ең бастысы, медицинада жүрген мамандардың көпшілігінің адам емдеу ісінен тым алшақтығы, қазақша айтқанда «бес қайнаса сорпасы татымайтын», сырқаттанып, көмек сұрап келген жандардың ахуалдарын одан әрі күрделендіретін тұстары жас емшіге ресми емес, жеке, дербес емшілік ісімен айналысу қажеттігін ұғындыра түсті.

«Жеті рет өлшеп, бір рет кес» дейді халық даналығы. Халықтық медицина да ауызға айтуға оңай болғанымен оның іс жүзіндегі жауапкершілігі, аурытпалығы ресми медицианадан бірде-бір кем емес. Сайлаухан Сұлтанғазықызына халық емшілігі негіздерін оқу барысы оның эзотерика, мистикаға қарай бет алуына себеп болды. Өйткені, ресми медицина аурулардың табиғатын анықтауда олардың себептерін тек сыртқы механикалық әсерлер мен ішкі физиологиялық  факторларға ғана назар аударатындығы еді. Сол себептен де ауруханалар мен емханаларда кеселдердің тек сыртқы көрінісімен күреседі, аурулардың сыртқы сипаты жоғалса ол адам толығымен емделді деп саналады. Ал уақыт өте ол ауру қайта қозып, адамға қайта қолайсыздық туғызады, емделгенде қайтадан бұрынғы сценарий қайталанады. Осылай көп ауру созылмалы деген дертке ұласады. Халық емшілігінде, оның био және космоэнергетика деп аталатын саласында аурудың себептерін адамның көзіне көрінбейтін энергетикалық толқындармен тамырластылығы негізге алынады және аурудан айыққан адам қайтып онымен ауырмайды, егер ол  қауіпсіздік шараларын қолданып жүретін болса.

«Адамның ішкі және сырқы шеңберлері болады, - дейді эзотерик-ғалым П. Д. Успенский (1878 -1947). – Адамның ішкі ішкі шеңбері оның өмірінің ішіндегі өмірі іспетті, ол адамның ішкі тұңғиық құпиясын және оның эзотериялық жүрекшесі болып табылады. Яғни сыртқы шеңбер ағаштардың жапырағы секілді, туып, өліп отырады. Олар ағаштың тамыры бар екенін де білмейді. Ал ішкі шеңбер, осы сияқты, адамның дамуы мен өсуінің бұлағы және сақтаушысы болып табылады»[1] дегенді айтады.  Мұндай түсінік Сайлаухан емшінің жанына жақын, көкейіне қонымды еді. Осындай негіздер жаңадан емшілік жолына қадам аттаған Сайлаухан Сұлтанғазықызының эзотериялық-мистикалық дүниетанымының бастамасы болды.

«Тым көп адам өмірдегі көп түйткіл мәселердің ешқандай шешімі жоқ деп ойлайды. Адам баласы қайда бара жатқаны, неге ұмтылып жатқаны, не үшін қасірет шегіп жатқаны белгісіз, бұлыңғыр. Бұл сауалдарды көтерудің өзі бір түрлі ыңғайсыз. «Жай» «осылай» өмір сүру керек сияқты көрінеді. Адамдар бұл сауалдарға жауап таппай жүздері қайырылғандықтан оларға қолдарын сілтейді. Сөйте тұра олар өздеріне үмітсіздік пен бұрыс жолға нұсқайтын шешімге қалай келгені туралы ойланбайды. Адамның ойына қисынсыз болып көрінетін лас нәрселердің барлығы да сол жақтан келеді.  Шын мәнісінде, біз мұндай үмітсіздікке тек адамды ғана осы дүниенің шегі, оның арғы жағында ештеңе жоқ деп қарағаннан тап боламыз. Ал жер бетінде жаннат орнатамыз деген әлеуметтік теориялардан салқындықтың лебі еседі, қанағатсыздық пен жағымсыздықтың дәмі шығады» дейді П. Д. Успенский[2]. Осы, адамның арғы жағындағы күштерге назар аудару Сайлаухан емшінің шипалық әлеуетін қуаттандырды.

2000 жылы Сайлаухан Сұлтанғазықызы бойындағы қабілетінің жетілгені байқағандай болды. «Батыр майданда, болат қайнауда шынығады» дегенді алға тартып, Қазақстан Халық емшілері орталығына барып, сыналуды жөн санады.  Абырой болғанда халық емшілері орталығы қойған талаптар бұл келіншекке көп қиындық тудыра қоймады. Қойылған талаптардың үдесінен үздік көрсеткіштермен шығып, сол 2000 жылы ресми «Халық емшісі» куәлігін иеленді. Соның өзінде біржола адам емдеу ісіне көшу қимылы бұл жанда қобалжулармен тамырласып жатты. «Нәтиже қалай болар екен?», «емдеймін деп ауруды одан әрі үдетіп алмаймын ба?»  ойлар оның кәсіби емшілікке келу сәтін кейінге қарай шегере берді.

Асықпаған арбамен қоян аулайды

....«Халық емшісі» куәлігін алғаннан кейін кәсіби емдеу ісіне кіріскенге дейінгі аралықтағы кідіріс уақыты Сайлаухан емшінің өзін-өзі одан әрі жетілдіру жұмыстарына арналды. Халық емшілігінің тарихымен, альтернативтік, гомеопатиялық медицинаның практикалық негіздерімен танысу, био және космоэнергетикалық емдеу салаларының теориялық принциптерін меңгеру, оларды өзіңің бойындағы мүмкіндіктермен сәйкестендіру білікті емшінің кәсіби емшілікке кірісер алдындағы үлкен белесі еді. Адам ағзасының биохимиялық реакцияларға тәуелді болғанымен, оның биоэнергетикалық, космоэнергетикалық процестерге – астральдік және ментальдік деңгейдегі толқындық құбылыстармен тұтастанып жатқаны оған бұрыннан бұлыңғыр болып келсе, енді ол айқын, бұлтартпас шындық болып бекітілді. Ең бастысы, бұл процестерің адамның ағзасына ешқандай зиян әкелмейтіні, керісінше, негативтік энергетиканың адам бойынын аластатылуы позитивтік энергияның келіп қонуына жағдай жасайтыны, ал оның адам денесіндегі келеңсіздіктерді жеңуіне көмектесетіні Сайлаухан емшінің емшілік өнеріндегі ұстыны болып тұрақтанды.

Ұзақ жылдарға созылған дайындық әрекеттері далаға кетпеді. Оның нәтижесі 2006 жылы «Сайлаухан» емдеу-сауықтыру орталығынының шаңырағын көтеруге негіз болды. Міне, осы 2006 жылдан бастап  Сайлаухан Сұлтанғазықызы халықты емдеу, сауықтыру саласында толыққанды еңбектенуге кірісті деп айтуға толық негіз бар. Емші С. Әуелбаева практикалық ауруларды емдеу барысында адамның ағзасы шын мәнісінде жай биологиялық, физиологиялық рефлексияларға жауап қайтарып отыратын күрделі механизм ғана емес, сонымен қатар аса күрделі әлеуметтік, психологиялық – энергетикалық та жаратылыс иесі екендігіне анық көз жеткізді. Оның (адамның) бойында кездесетін әр түрлі патологиялық процестердің себептердің де тереңде болғандықтан оны емдеу, қалпына келтіру технологиялары да энергетикалық себептермен астарласып жататыны күн өткен сайын оның емшілік тәжірибесінде нығая берді. Тіпті, энергетикалық ағымдарды ретке келтіру көп ауруларды химиялық, фармакологиялық құралдарсыз емдеуге жол ашатыны да кәнігі әдіске айналды.

Сырқатты емдегенде тек ауырған жеріне ғана ем жасау аурудың ағзадан толық кетірмейтіні Сайлаухан емшіге әуел бастан белгілі болатын.  Емдеу ісіне Сайлаухан ханымның үлкен жауапкершілікпен қарауы, бір мүшеге жасалған ем шарасының екінші мүшеге зиян келтірмеу талаптары емшінің адам ағзасын кешенді түрде қарап, шипалық курстарын жүйелі тәртіпке келтірді.

Қалауын тапса қар жанады

....Көп жағдайда теория мен практика бір жерден шыға бермейді: не теория тым күрделі, не практиканың ерекшелігі ол теориядан алшақтап кетеді. Бірақ, ол теорияны таяз білгенде немесе теорияны практикаға ұштасыра білмегенде ғана. Ал шаруаны рет-ретімен істегенде қисынсыз ештеңе болмайды. «Қалауын тапса қар жанады». Сайлаухан емшінің практикасында қойылған диагноздың, жүргізілетін ем шараларының бір арнада, бір жүйеде жүзеге асуы оның теориялық негіздерден терең хабардар екенін білдіреді. Бұл емшіде: «Мынау мүмкін былай шығар, мүмкін басқаша болар, алдымен мынаны көрейік, сосын мынаны көрерміз» деген түсінік жоқ. Ондағы әдіс: «Мынаның себебі – мынау. Оны былай емдейміз!» дейді, сонымен нүкіте қойылады. Екіұшты болжам деген болмайды.

Көптің тілегі – көл. Осы күнге дейін Сайлаухан Әуелбаеваның қолынан жүз мыңға тарта адам емделіп өтті. Шипа тапты. Емшіге ризалығын шын көңілден білдірді. Емшілік ісінде адамның ниет тілегі деген құрғақ, бос нәрсе емес. Оның арғы жағында үлкен, келелі мәселелер жатады. Мейлі, ол жақсы ниет болса да, қара тілек болса да, құрғақ сандырақ болса да ешқайсысы салдарсыз болмайды. Егер емшінің ниеті бұлыңғырланып, түпкі мақсаты тек қаражат жинауға барып саятын болса, ол ұзаққа бармайды. Бір жерден сүрінеді, бір жерге барып жығылады. Елге алаяқ аты қалады. Мұны түсінетіндер бар, түсінбейтіндер бар.  Бұл орайда Сайлаухан Сұлтанғазықызының бағы жанды дей аламыз. Оның бастапқы кездегі ой-ниеті алдамады. Адал жұмысы елдің алдында абырой әперді. Сайлаухан емшінің бүгінгі күнгі емшілік күшінің қуатында сол көпшіліктің емшіге деген тілегі жоқ деп айта алмаймыз. Космоэнергетикада «адамдардың ниет-тілегі емшінің қуатын арттырады» дейді. Ол Сайлаухан емшінің тәжірибесінен нақты көрініс табады.

Бұл емшінің объективтілігі – ресми медицинамен үндестігі. Ол басқа емшілер сияқты «не дәрігермен бол, не менімен бол» деген шарт қоймайды. Сайлаухан емші емдеп жатқан аурулар аурухана, емхана дәрігерлерінің де емімен де емделе береді. Егер оған олардың қалауы болса. Содан кейін, Сайлаухан Сұлтанғазықызы өзінің емдеу сатыларының кез келген кезеңін академиялық медицинаның бақылауында болуына қарсы емес. Керісінше, көп жағдайда ол қаралушыларға: «Алдымен диагностикалық орталықтан диагноздарыңызды анықтап келіңіздер. Соңыра, ем курсының аяғына қарай өздеріңіз салыстырасыздар!» - деген ұсыныс айтады. Бұл емшінің өз өзіне деген, өз ісіне деген сенімділігінің белгісі болса керек.

...Бір қызығы, Сайлаухан емшінің ауруларды емдеу ісі бойынша айтқан көп мәселелері жер-жерлерде, ғылыми орталарда, үлкен, беделді, белгілі ғалымдардың айтқандарымен сай келіп жатады. Атап айтар болсақ, емшінің суды зарядтау туралы теориялық көзқрастары француз оқымыстысы Жак Бенвинистенің, жапон зерттеушісі Эмото Масарудың, Ресей ғалымы Сергей Зенинннің, белгілі психотерапевт Валерий Синельниковтың, америкалық доктор Ферейдун Батмангхелидждің, ағылшын теософы Чарльз Ледбитердің, Нобель сыйлығының медицина саласындағы лауреаты Люк Монтаненің көзқарастарына сай келеді. Яғни Сайлаухан емшінің басшылыққа алып қолданып жүрген негіздер, анығырақ, ғылыми тілге жақындау етіп айтатын болсақ, ДНК молекулаларының алыста тұрып судың бойына электромагниттік толқындардың әсер ететіні үлкен, мүйізі қарағайдай ғалымдардың аузынан айтыла бастады.

Сайлаухан емшінің емдік энергетикасы, оның шипалық қастиеті бір емес, бірнеше ондаға мың адамның ауруынан айығып, шайқалған тіршілік шаруасының қалпына келуіне, қалпына келіп қана қоймай оның одан әрі жақсаруына, жетілуіне себеп болды. Себепсіз салдар болмайды деген осы болар. Бұл емшінің тағы бір таңғаларлық тұсы – ауруларды тікелей емес, алыстан, ұзақ арақашықтықтан емдей алуы. Телефон арқылы хабарласып, телефонның желісімен ем алып, дертінен айыққан жандар саны бұл шипагердің тәжірибесінде мыңдап табылады. Әсіресе, академиялық медицина жаза алмаған сырқаттардың осы кісінің қолынан жазылуы және, ең бастысы, екінші қайтып ол ауруға шалдықпауы, кеселінен біржола айығуы оның емшілік қасиеті Жоғарыдан берілген айырықша сыйы екендігінен хабар береді. Сайлаухан емшінің бұл қасиетін тек қарапайым емделген азаматтар ғана емес, сонымен қатар оның өзінің әріптестері де жақсы біледі және жоғары бағалайды. Әр жылда әр жерлерде ұйымдастырылатын альтернативтік медицина бағытындағы мамандардың басқосуларында, ғылыми-практикалық конференцияларда Сайлаухан Сұлтанғазықызына берілген бағалары, табыстаған атақтары, ұсынған сыйлықтары осыған дәлел болады.  Айта кетерлік тағы бір тұс –  мұндай әрекеттердің көлемі тек Қазақстанның көлемімен шектелмейді. Мәселен, таяуда ғана, 2011 жылдың  9-11 қыркүйегінде Украинаның астанасы Киев қаласында өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференция Қазақстаннан қатысқан Сайлаухан емшінің адам денсаулығын сақтау мен патологиялық процесерді емдеуге қосқан технологиялары Ресей, Беларусь, Украина, Израиль елдерінің мамандарының тарапынан жоғары бағаланып, конференцияның негізгі жетістігіне баланды және халықаралық конференцияның «Бас жүлде» сыйлығы ұсынылды. Әрине, бұл сыйлық Сайлаухан емшінің бойының сыртқы көріністік ерекшелігіне немесе оның материалдық жағдайына,  не басқа да бір мүддеге орайдастырылған саясат емес-ті. Халықаралық деңгейдегі сарапшылар өздері көздерімен көріп, қолдарымен ұстағаннан кейін, «Мастер класс» номинацияларында емшінің мүкіндіктерін өздерінің бойларынан сезінгеннен және оны арнайы аппаратураларда тіркегеннен кейін келген шешімі еді. Конференция барысында  оны ұйымдастырушы, халықаралық «Тайна жизни» журналының Бас редакторы В. Нагорный мырза былай деді: «Әр мемлекет ресми медицинаны ұстау үшін миллиардтаған қаражат бөледі. Олардың барлық жағдайларын қарастырады. Бірақ, соның өзінде олардың ауруларды жеңудегі нәтижелер көңілді көншітпейді. Ал сіздер, альтернативтік медицина жолындағы адамдар мемлекеттен ешқандай қаражат, жағдай сұрамай денсаулық сақтау ісіне атсалысып келесіздер. Біле білгенге бұл үлкен ерлік және нағыз шипагер сіздерсіздер! Халықтық медицина кез-келген ауруды емдеуде аса күрделі медициналық техника мен технологиялардың, бағасы қымбат дәрі-дәрмектердің пайдасы шамалы екенін айқын көрсетіп келеді. Сіздерге сәттілік, табыстар тілеймін».

...Субъективтік тұрғыдан қарағанда Сайлаухан Сұлтанғазықызына халықаралық конференцияда берілген «Бас жүлде» оның өзінің жеке жетістігі, жеке табысы ретінде көрінеді. Ал объективтік тұрғыда саралайтын болсақ бұл жалғыз Сайлаухан емшінің емес, бүкіл Қазақстанның халықтық медицинасындағы жетістігі. Кез келген саладағы жетістіктер сол бағыттағы дамуды қамтамасыз ететінін ескеретін болсақ, бұл Қазақстанның  халықтық медицина саласындағы шынайы жетістігінен хабар береді. Француздың философы Рене Декарт: «Ғылымды көпшілк емес, жекелеген адамдар дамытады» дегенді айтады. Жер жүзіне әйгілі ғұлама ғалымның бұл сөзді айтқанына бірнеше жүздеген жылдар өтсе де әлі маңызын жоғалтпады және оған әлі ешкім даулы пікір айта қойған жоқ. Демек, ол шындық, ақиқат. Бұл пікірдің Сайлаухан емшіге қатысы жоқ деп айта алмаймыз. Өйткені, жер жерлерде халықтық медицина өкілдерінің армиясы бола тұрса да ондағы тың қадам, жаңа әдіс біз айтып отырған Сайлаухан Әуелбаеваның кәсіптік тіршілігімен тоғысып келеді.

Шермат Аширбаев

психолог, журналист

[1] П.Д. Успенский, Издательский центр «МарТ», Москва – Ростов-на –Дону». 2006. 3 б.

[2] Успенский П.Д. Tertium Orqanum: Ключ к загадкам мира. М., 2000. 390-391 бб.

Келесі мақала
Алдыңғы мақала

© 2007- 2018 САЙЛАУХАН www.sailaukhan.kz
Нәтиже фото

Warning: Creating default object from empty value in /var/www/vhosts/sailaukhan.kz/httpdocs/modules/mod_random_image/helper.php on line 85

Қәзір 60 қонақ онлайн
Жиі оқылатын мақалалар

Warning: Creating default object from empty value in /var/www/vhosts/sailaukhan.kz/httpdocs/modules/mod_mostread/helper.php on line 79

Емші сөзіне құлақ түрсек

Get the Flash Player to see this player.