Ниеті таза адам ауырмайды «Ауырмаңыз» газеті №18(50) қыркүйек, 2011ж

«Ауырмаңыз» газеті №18(50) қыркүйек,  2011ж

Ниеті таза адам ауырмайды

.....«Ауру қалса да, әдет қалмайды». Бұл, әрине,  айтылым. Индивидтік және қоғамдық өмірде  мезі болған жағымсыз, әдепсіз әдетке байланысты айтылған сөз түйіні. Ал шындығына келгенде ауру біткеннің адамның бойынан біржола қалып қоюы, бұл жалғанда бар болса, өте сирек кездесетін құбылыстың қатарынан табылса керек-ті.

.....Ал шындығында, ауру болған жерде әдет, әдет болған жерде ауру бірге, қатар жүреді. Медициналық дәрі-дәрмектердің күшімен бой

Психоэнерготерапевт Халықаралық

дәрежедегі емші Сайлаухан

тасалап, жасырынып қалатын ауру қашанда ағза иммунитетінің әлсіреуін, денсаулықтың сыр беруін күзетумен болады. Тән қызметі азғана әлжуаздық көрсете қалса болғаны, ауру со бойда менмұндалап шыға келеді.

.....Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері тән саулығының 50 % -адамның күнделікті ұстанатын образына, 20%- тұқымдағы генетикалық ерекшеліктерге, 20% ы - экологияға, 10% ы-  медициналық көмекке тәуелді екенін айғақтайды[1]. Ал тікелей психика мен аурудың арасындағы байланысты арнайы зерттеген мамандар индустриалдық дамыған мемлекеттердегі бүкіл органикалық аурулардың  50 %- психосоматикалық патологиялардың үлесіне тиетінін алға тартады[2].Демек, ол деген өркениетті мемлекеттердегі бүкіл ауру біткеннің тең жартысы басқа емес, тек, таза психологиялық факторлардың салдары екенінен хабар береді. Кейінгі кездері мәлім бола бастаған гипертония, бронхиалдық астма, полиартрит, нейродермит секілді аурулардың механикалық немесе химиялық себептерден емес, рухани әлсіздіктен екендігі де осы ойды растайды.

.....Осындай негіздер мен осындай себептер денсаулық сақтау мәселесін жаңа қырынан тану қажетігіне әкеліп тіреді. Адам емдеу ісінде жаңа тұжырымдама болмайынша денсаулық сақтау жұмысындағы келеңсіздіктер ұшы-қиыры жоқ салдарларға созыла беретіні көріне бастады. Рас, бұл ретте ізденіс жұмыстары жасалмай жатыр деуге болмас. Мысалы, әлі медициналық айналымға толыққанды ене қоймаған су терапиясы. Судың құрылымдық және энергетикалық қасиеттері көптеген аурулардың емдеудің оңай жолын, тиімді тиімді техногияларын жарыққа шығарып келеді. Сонымен қатар,осы жолы әңгіме еткелі отырған психотерапия  әдісі де бұл реттегі мәселені төте және дұрыс шешу принциптерін ұсынады. Өйткені, психотерапия өзге түгіл адамның өзіне жасырын болып келетін ішкі дүниесіндегі алауыздық пен соматикалық симптомдардың арасындағы байланыстарды тауып, оларды жөндеуге, қалыпты биохимиялық балансты ретке келтіруге жұмыс істейді.

.....Адамның денесінде бой көрсеткен ауру құбылысы ағзаның бір немесе бірнеше мүшелерінің дұрыс істемей тұрғанынан хабар береді. Басқаша айтсақ, ауруды ағзаның белгілі бір деңгейдегі индикаторы деп қарауға әбден болады. Сол белгілерді сауатты тани білу оларға қолданатын шараларды табу көп қиындық тудырмайды. Бастысы -  дұрыс ұстанымды басшылыққа ала білуде.

.....Біздің ішкі эмоцияларымыз үйлесімсіз ұйымдастырылған болса жан күйзелістерінің көлемі мен шамасы ұлғая береді. Егер оған дер кезінде көмек ұсынылмаса жан күйзелісі бара-бара тән ауруына жалғасады. Мұндайда алдымен ауруға ағзаның әлсіз жері шалдығады. Мәселен, біреулер қатты стресс кезінде жүрек қан тамырлары жүйесіне зақым түсіріп алса, енді біреулер асқазан-ішек жолдары кеселіне бой алдырады. Ол енді әркімге әр түрлі. Өйткені, әр адамның өзінің ағзалық реакциясы бар. Соның ішінде генетикалық тұрғыдан бұл соматикаға икем келетіндері де кездеседі.

.....Медициналық теориялардың бірі психосоматикалық ауруларды индивидтің ішкі дүниесіндегі алуан бағытты ниет пиғылдардың өзара сәйкестенбей, бір бірімен қақтығысуынан деп байлайды. Осындай әрекеттің салдарынан біз кейде өзіміздің ішкі дүниеміздегі арымызға қарсы шыға отырып, өз бөлшегімізді жоғалтып, аурудың ырқына еркімізбен барып жығыламыз. Бұл көбіне ізгілік заңдарының аяқ асты етілуінен болып жатады. Бір қарағанда ізгілік талаптарының белінен ашық немесе құпия түрде басылуы ақырзаманға тіремейді:біреудің басы жарылып, аяғы сынбайды. Жинақталған материалдық құндылықтар да жоғалып кетпейді. Бірақ, көзге бірден көріне қоймайтын салдары оның уақыт өте бірнеше еселенген шығын көлемімен соққы беретіні ескеріле бермейді.

.....Руханият заңдарының бұзылуы алдымен рухани, сонсоң барып тән ауруына соқтыратыны өмір шындығымен дәлелденген жайт. Рухани құрылым күйреуінің физикалық ахуалға ауысуы ауру болып есептеледі. Бұдан мынадай қорытынды шығаруға болады: ауру ­– бұл ең алдымен адамның рухани әлемі мен эмоциялық күйлерінің деңгейінде болып жатқан процестердің салдары. Көзге көрінбейтін механизмдердегі қозғалыс динамикасы дұрыс бағытта болса, ауру, сырқат дегендер болмайды. Ал патологиялық процестердің жиі орын алатын жерлерінде жоғары адамдық қасиеттердің дисгармониясы көрініп жатады.

.....Осы себептен де Ежелгі грек медицинасының қағидалары да адамның бойындағы тәндік және психологиялық құбылыстарды бірін бірінен ажырамайтын тұтастық деп қарастырған. Оның бірі ақсаса міндетті түрде екіншісі де сондай ахуалға тап болады деп түсіндірген. Өз кезегі денедегі ауру ағымы адамның рухани жағдайына әсер етіп, қажытып жіберетінітән мен рухтың тұтастығын дәлелдейтін құбылыс болмақ. Негативтік сезімдер мен пассивтік эмоция физикалық аурудың өршуінің алғышарты болып табылады.

....Нақты адамның психологиясы мен психосоматикалық аурулардың арасындағы байланыс қалыпты схемаға сәйкес келе бермейді. Психосоматикалық ауытқушылықтың патогенезі көбіне мына негіздермен  айқындалады:

1. тұқым қуу ерекшелігіне жатпайтын, туылғаннан  іштен пайда болатын ауыртпалықпен;

2. тұқым қуу ерекшелігімен;

3. нейродинамикалық сырғулармен (орталық жүйке жүйесінің бұзылуы);

4. тұлғалық ерекшелікпен;

5. психотравмалық жағдай кезіндегі адамның психикалық және физикалық ахуалымен;

6.келеңсіз отбасылық және басқа да әлеуметтік факторлардың әсерімен;

7. психотравмалық оқиғаның ерекшелігімен.

.....Осы факторлар психологиялық және биологиялық қорғанысты әлсіретеді, есесіне сан алуан соматикалық ауытқулардың пайда болу, өсу жолдарын жақсартады. Ауру мен психиканың өзара әрекеттесу заңдылықтарының көптеген ортақ себептері бар. Мәселен, ашулану бауырды бұзады, көздің нашар көруіне ықпал етеді. Ал қорқыныштың салдары бүйрек пен тіс ауруларының бастамасы болып табылады. Жүрек ауруы махаббат пен қауіпсіздіктің жетіспеуінен және эмиоциялық шектеуліліктің салдарынан орын алып жатады6. Эмоциялық сілкіністер міндетті түрде жүрек ритімінің өзгертеді. Травмалық жағдайды өткерген адамдар дүниені қауіп қатерге толы және әркез одан секем алу керек деген психикаға тартылады.

Ой вирусы

.....Ой вирусы деген кәдімгі компьютердің жүйелеріне қауіп төндіретін вирус секілді адамның да ағзасына көп залалын тигізетін фактор болып саналады. Аталған вирус,егер ол адамның ағзасынан бой көрсеткен болса, оның тірішілігіне нұқсан келтірумен сипатталады. Вирустың сипаты,әсіресе, сырқат адамның жағдайында айқын көрініс береді. Ол науқасты өзінің күшімен де, өзгенің күшімен де емдеуге мұрша бермейді. Біздің психотерапиялық тәжірибемізде осындай факторлар жиі кездеседі. Денсаулығы сыр беріп немесе әлдеқандай басқа да бір жағдаймен емделуге келген адамдар емшімен бірге күш жинап, аурудан айығудың жолын қарастырудың орнына психотерапевтті сынаумен, оны сүріндіргісі келетін

.....пиғылымен отырады. Ол кімге зиян, кімге пайда? Бұл мәселе пациенттерді көп мазаламайды. Бір жақсысы, терапевттің білікті тәжірибесінің күшімен

.....психопатлогиялық, психосоматикалық сырқаттар емделіп жатады. Бірақ,  көп энергия мен көп уақыттың шығынымен. Мұндайда сырқат адам алдымен өзінің, кейіннен терапевттің, одан қалды айналасындағы жанашыр адамдардың зықысын шығарып болады. Психотерапия бұл ерекшелікті«ой вирусымен» байланыстырады. Ой вирусын өлтіру мүмкін емес, бірақ, оны танып білуге, бейтараптандыруға болады. Ой вирустары денеге келіп қонатын физикалық вирустармен өзара қарым қатынаста болады. Онымен адам өзі күрес жүргізе алса оны ойға қондырмауға болады. Ол үшін адам баласы ізгілікті өмір салтына қарай бейімделуі керек. Ал әр түрлі себептермен адам оған шалдыққандай болса міндетті  түрде психотерапия көмегіне  жүгінбегі абзал. Бұл ең алдымен адамның өзі үшін пайда.

.....Ой вирусының тамыры адамның санасындағы ұғымдармен де тұтастықта болады. Ал санадағы ұғымдар әр жанның басынан өткізген жағдайларға, өткерген сезімдерге байланысты. Жаңа сезімді өткеру жаңа ұғымның пайда болуын қамтамасыз етеді.

.....Адамның зейіні жан жағы шектелген жалғыз пікірдің маңайына шоғырланса пайымдау әрекеті стереотипке айналады. Оны қалай түсінуге болады? Оны былайша елестетуге болады. Айталық, асфальті жоқ жерлерде көлік жүретін жолдар жаңбырдың, ылғалдың ықпалынан арықтарға айналады. Сол арықтың ішіне түскен автокөлік ешқандай маневр жасай алмай сол арық жолдың бойымен қозғалуға мәжбүрленеді. Сол секілді стереотипке айналған ұғым да шектеулі бір арнаға түсіп, басқаша пайым жасау әрекетіне мүмкіндік бермейді: ойлау энергетикасы дайын арнаның бойымен ағып кете барады.

.....Психосоматикалық ауруға бейім келетін адамдар үшін ортақ қасиет бар: олар өздерінің шынайы сезімдерін сыртқа шығара алмайды, оларды ішінде бүгіп, дүниенің әсемдігіне, оның жоғары деңгейлі үйлесімділігіне қатыса алмай, бұғып қалады. Психотерапия осындайда адамға қол ұшын беріп, алаулап жатқан шынайы сезімдерімен беттестіруге, онымен толыққанды қарым- қатынас жасауға баулиды. Ал оларды қаперге алмау, тіпті, нәзік гүл секілді жапырақ жайып, бүршік ата бастаған сұлу сезімдерді тұншықтырып тастау адам баласы үшін жақсылық еместігі айдан анық. «Ондай әрекет қасіретке соқтыруы мүмкін бе?» деген сұрақ туа қалса: «Әлбетте, ол солай болады және оның басқаша болуы мүмкін емес» деген жауап қатуға болады.

Аурудың көбі астан емес, адамнан

.....Көп адам денсаулық пен аурудың арақатынасын сауатты тағамданумен байланыстырады. Оны ағзаға қажет элементтермен – ақуыздармен, көміртегілермен, майлармен, минералдық заттармен, витаминдермен қамтамасыз ететін шара деп түсінеді және өзгелерге түсіндіреді. Бұл пікірді дұрыс емес деген ой айту, әрине, қисынсыз. «Қалайша тағамсыз өмір сүре аламыз?» деген сауал туындайды ондайда. Бірақ, психотерапия бұл теорияға толықтыру енгізуді қажет деп табады. Психотерапия адам денсаулығының негізгі тірегі оның психикасының қуатында деген ұстанымға байлайды. Тағам дастарханда қанша көп болғанымен рухани тұрғыда көңіл мен ой уайымда болса оның ешқандай маңызы болмайды. Керісінше, жұпыны дастарханда көтеріңкі рухпен дидарласу немесе таңғажайып ой тереңіне сүңгу ерекше бір ғанибет. Сондықтан да біз психиканы денсаулықты айқындаушы негізгі фактор деп қарастырамыз.  Және ол тек дастархан мәзіріне немесе спорттық қимылдарға ғана қатысты емес. Адам баласы кез келген істе кез келген шаруаны, соның ішінде мәжбүрлі ауруды да айтуға болады, ұқсата аламын деп талпынса, сенім танытса белгілі нәтижеге қол жеткізетіні ақиқат. Ал ондайда ауруға шалдығу қаупі күрт төмендейді.

.....Дәрігерлер ерте замандардан стрестік жағдайды жиі өткеретін адамдардың инфекциялық ауруларға оңай бой алдыратынын байқаған. Оның себебі инфекциялық микробтарға төтеп бере алмаған рухани күштің әлсіздігі деп қарастырған.

.....Хош делік. Рухы әлсіз адам ауруға шалдыққыш, ал рухы мықты адам барлық жақтан күшті болады деп есептелік. Ендеше мынадай сұрақ туады: мықты рух қайдан, әлсіз рух қайдан шығады? Рух мықты болу керек дегеннен ол өздігінен мықты болып кетпейді. Немесе әлсізді әлжуаз дей бергеннен оның жағдайы жөнделе қоймайды. Оған жауапты философ дәрігерлердің сөздерінен табамыз. Мысалы, Парацельс рухани азғындықтың көзі деп нәпсі құмарлығын, кесірлі ниетті, ойдағы бейберекетсіздікті, аурулы қиялды, қорқыныш пен көре алмаушылықты, уайымшылдықты көрсетеді[3].

.....Адамның бойындағы стрестік жағдайдың дамуы орын алған фактордың психологялық бағамдауына байланысты. Көбіне біз түкке тұрғысыз нәрсені әсіре бағалап, қолдан бөгет жасап жатамыз. Оған өзгелерді де тартамыз. Біреудің амандаспауы, оның өзгеше қарауы, дыбыстық интонациясы біздің санамызда субъективтік көзқараспен боялады. Мынадай бір тәмсіл бар. Баяғыда бір адам отын дайындайтын өткір балтасын жоғалтады. Әрі қарайды, бері қарайды, үйінің іші сыртын толық тексереді. Таба алмайды. Сөйтеді де енді оны біреу ұрлап алған болуы мүмкін деген ойға кетеді. Кімнің алуы мүмкін? Үйге ешкім келген жоқ қой. Таптым! Көрші алған болуы керек. Өйткені, одан басқа ешкім бұл үйге батыл кіре алмайды және балтаның қай жерде жатқанын одан артық ешкім білмейді. Сөйтеді де, көршісінің ауласына көз салады. Бірақ балтаны көре алмайды. «Қап пәлем, бір жерге жақсылап жасырған болды ғой» деп ойлайды. Көршісінің өзін көреді. Оның жүрісі мен тұрысы, қимыл әрекеттері құдды балта ұрлаған адамнан аумайды. Қазір барып айтқаным ерсі болар, менің балтаммен жұмыс істеп жатқанда масқарасын шығарармын деп үйіне кіреді. Кірген бойда ол балтасын қай жерге қойғаны есіне түседі. Е-е-е, мұнда еді ғой деп барып қараса, балтасы сол жерде екен. Енді көршісіне қараса оның жүріс тұрысы, қимыл әрекеті балта ұрлаған адамға мүлде ұқсамайды. Бұл тәмсіл адамның өзінің ойына кіршіксіз сенетінен хабар береді. Соған иланып, соған сай қимыл жасайтынын білдіреді. Демек, стрестік жағдайға дұрыс баға бере алсақ, әрі қарайғы жұмысымыздың аса қиын болмайтынына көз жеткізуге болады.

.....Дәрігер ғалымдар стресс кезінде орталық жүйке жүйесі мен перифериялық жүйке жүйесі белсендірілген жұмыс тәртібіне көшетінін және ішкі секреция бездерінің әр түрлі гормондар бөлетінін анықтады. Бұл стресс кезінде ағзаның бойында биохимиялық процестердің өзгерісінен хабар береді. Және ол өзгерісті жақсы жаққа барай бағытталады  деп айтуға тағы болмайды. Сол себептен стресс кезінде зиянкес бактериялар ағзада тез аяқтанып кетеді.

.....Біле білсек, ағзада рак жасушаларына қарсы иммундік жүйенің арнайыланған жасушалары жұмыс істейді. Қылмыскерлерді ұстап, жазалайтын полиция секілді. Ал стресс кезінде олардың өздері әлсіреп, қатерлі жаумен күресуге шамасы жетпей қалады. Ісік жеңеді.

.....Қорыта келер айтар болсақ, біз әркез өз бойымыздағы асыл қасиеттерді қаперге ала бермейміз. Көп жағдайда біз өзге біреудің сауатсыз да зұлым күшінің еркіне тапсырамыз.  Кейінен оның нәтижесіне өкінеміз не өмірді осындай зұлымдық тұрғыдан көруге мәжбүрленеміз.

.....Адамның өзінің ішкі негізінен алшақтауы саналылық пен санадан тысқарылықтың рух пен табиғаттың, білім мен сенімнің арасына сызат түсіреді. Нәтижесінде адам рухы төмен, ішіп жеуді, сайраңдап көңіл көтеруді ғана мақсат тұтатын мақұлыққа айналады. Табиғатта төлемсіз ештеңе болмайды. Әркім өзінің ұмтылыс әрекетіне қарай жемісін көріп жатады. Табиғат- мейірімді. Ол адамның басқаға ғана емес, тіпті, өзіне, өзінің жаны мен тәніне қарсы мейрімсіз, махаббатсыз жасаған олқылықтарын кешіреді белгілі деңгейге дейін. Бірақ, шыдамы оның шексіз емес. Бір жақсысы, бұл да табиғаттың бір даналығы болса керек, адамның аса былықтырып, күрделілендіріп алған жағдайларын шипагерлікпен, психотерапиямен қалпына келтіру мүмкіндігін  шектемейді.

САЙЛАУХАН айтады:

Мақаланы қиып алып, ламинаттап, емдік құрал (ДӘРІ) ретінде пайдалануыңызға болады. Суретте Аллаһ Тағаланың Құдіретті күші отырғанын ұмытпағайсыз. Бір Жаратушы Күшке сиынып, жалынып-жалбарына  отырып:

- суретпен сөйлессеңіз;

-  мақаланы қайталай оқи берсеңіз;

- ауырған жеріңізге қойсаңыз, сурет те, мақала да, Сіздің ауырған жерлеріңізді емдей жөнеледі.

Мақаланы аяқ асты етуге болмайды!

Мекен-жайы: Алматы қаласы,  Сейфуллин даңғылы, 288, қиылысы Жансүгіров

к-сі, 1- қабат, 103-кеңсе.

Байланыс тел.: 8 701 179 06 06

8 701 432 34 55

8 777 277 81 86

8/727/382 72 31

8/727/ 294 61 72.

ұқсас мақалалар
Келесі мақала
Алдыңғы мақала

© 2007- 2018 САЙЛАУХАН www.sailaukhan.kz
Нәтиже фото

Warning: Creating default object from empty value in /var/www/vhosts/sailaukhan.kz/httpdocs/modules/mod_random_image/helper.php on line 85

Қәзір 9 қонақ онлайн
Жиі оқылатын мақалалар

Warning: Creating default object from empty value in /var/www/vhosts/sailaukhan.kz/httpdocs/modules/mod_mostread/helper.php on line 79

Емші сөзіне құлақ түрсек

Get the Flash Player to see this player.