" Халық медицинасының онкологиялық ауруларды түп-тамырымен жоюына қауқары бар " «Айқын» газеті 53(1720) 29 наурыз, 2011ж

«Айқын» газеті 53(1720) 29 наурыз, 2011ж
Сайлаухан ӘУЕЛБАЕВА, әлемдік дәрежедегі халық емшісі:
Халық медицинасының онкологиялық ауруларды түп-тамырымен жоюына қауқары бар

- Қоғамда халық медицинасы жайлы пікір аса жақсы емес. Оған өзіңіз де келісетін шығарсыз. Емшімін деп елді өзіне қаратқан жандардың ақыр аяғы алаяқ боп қашып кетіп жатқанына да өзіміз куәгер болдық. Дәстүрлі медицина өкілдері халықтық емді «жабайылыққа» теңеп жатқанын да көрдік. Жалпы, осының себебі неде жатыр деп ойлайсыз? Халық медицинасы неліктен жағымсыз жарнамаға ие болып кетті?

- Иә, мұндай әңгіменің бары да, жалған емшілікпен айналысып жүргендердің арамызда жүргені де рас. Шындығында, бәрін бүлдіріп жатқан өзіміз - емшілер. Оны мойындау қажет. Өйткені қазір қоғамда дұрыс емшілер бар да, жалғандары да бар. Сондай-ақ өзінің бойындағы Алла берген қасиетін теріс пайдаланып жүрген де емшілер кездеседі. Қорыта келгенде, атам қазақ айтқандай, «бір құмалақ бір қарын майды шірітіп», жаңағы бойындағы қасиетін бұрмалап жүргендер мен қасиеті де, түгі де жоқ жалған емшілердің бәріміздің бетімізге қара күйе жағып жатқан жайы бұл. Сіз айтпақшы, жағымсыз жарнаманың жиі бой көтеріп қалатыны осыдан деп ойлаймын. Әйтпесе дұрыс, тура жолдағы, бойында қасиеті бар емшілер аз емес. Тек олар мойындалмай жатыр, оларға қолдау көрсетілмейді және ең бастысы - олар мына дәстүрлі медицинадан тыс кеңістікте жұмыс жасауда. Өйткені дәрігерлердің дәл өзіңіз атағандай, халықтық емді жабайылықпен теңестіріп жататыны қанша айтсақ та, жасырын емес. Мойындағылары келмейді, әйтпесе кәдімгі медицинаның көп ауруларды емдеуге шамалары келмей жатады. Диагнозын дұрыс қоя алмайтын кездер де болады. Дұрыс қоя алмағандықтан, жобалаған диагнозы бойынша ем жасай береді. Медицина тарихында мұндай оқиғалар көп болған, әлі де болып жатыр. Ақыр аяғы, емделушінің ауру органы жазылмайды, қайта керісінше, оған тағы бір ауру жабысады. Міне, осындай кезде, яғни диагноз қоюда, оны емдеуде емшілердің күшін пайдаланса екен деймін. Екі жақ біріге отырып жұмыс жасап, адамды өлімнен арашалап қалудың амалын табар едік қой. Өлім саны да азаяр еді, әсіресе, бала өлімін әлденеше есе шектер едік. Біз де бойымыздағы күшті сұрап не сатып алған жоқпыз, Жаратушы Алла халыққа пайдасын тигізсін деп берді екен, біз оны сол тура жолда жұмсауға тиіспіз, міндеттіміз. Ал біздің күшіміздің керек болатын жері көп. Жаңа айтып өткенімдей, диагноз қоюда, бала өлімін азайтуда, баланың ана жатырында дұрыс өсіп-қалыптасуына, шала туылған балаларды аман сақтап қалуда - бәрі-бәрінде біздің қолдан келетін жұмыстар жеткілікті. Бізде ауырған адамдардың санаторийлерде, курортта демалып, ем алып жататын дәстүрі бар. Бірақ мен оларға бұдан пайда жоқтығын айтқым келеді. Неге десеңіз, қабынып тұрған органдарды курортта емдеп жіберу деген мүмкін нәрсе емес. Олар алдымен бізге келіп, жаңағы қабынып тұрған аурудың өзегін емдетіп, құртпайынша, курорт көмектеспейді. Уақытша ғана ауру сезімі басылар, алайда біраздан соң қайта асқынып, белгі береді...

- Сөзіңізді бөлейін... Жаңа қоғамда емшілер екі топқа бөлініп тұр дедіңіз. Жалғандары дұрыстарының атын жамылып жүрсе, керісінше, тура жолдағы емшілердің бетіне жалғандары қара күйе жағуда. Неге осыны бір жүйеге келтірмеске? Жалғандарын жазалап, тыйым салып, нағыз емшілерді дәріптеуге болмай ма екен?

- Болуын болады ғой... Кейде менің басшыларға қарным ашады. Мықты жүйе жоқ, мықты жүйе құратын мықты басшы болмай тұр...
- Қай басшы? Министрлікті айтасыз ба?

- Жоқ, өзіміздікілер. Халық медицинасы орталығының басшылығы. Сол кісілер көреген болу керек. Кімді емшілікке алып жатыр, оның қасиеті бар ма, жоқ па, егер қасиеті болса, оны дұрыс жолға пайдалана ала ма - міне, осының бәрін олар біліп отыруға тиіс. Мәселен, менің өзім алдыма келіп отырған адамның бойында қасиет бар-жоғын бірден сеземін. Оның сол күшті қандай жолда пайдалана алатынын аңғарамын да, соған орай кеңес беремін. Кейде емделушілердің арасынан да бойында қасиеті бар адамдар табылып жатады. Кейбірін басшылыққа ұсынып та жатамыз. Міне, басшылықта отырған адам бойында дәл осы көрегендік қасиет болу қажет, әйтпесе көлденең көк атты адам лицензия алып ап, емші болып кетуі қиын емес. Сондай-ақ тамыр-таныстықтың да жолын кесу қажет.

- Түсінікті. Халық медицинасы мен дәстүрлі медицина арасында бір-бірін мойындамаушылық бар секілді. Бұл жөнінде не айтасыз?

- Өзгелерді қайдам, өз басымның дәрігерлермен қарым-қатынасқа келгенде, келіспей қалатын кезім өте көп. Мәселен, реанимацияда жатқан адамдардың туыстары көмек сұрап хабарласатын кездер болады. Олардың қандай жағдайда екенін біліп отырғандықтан, қолдан келер көмегімді бергім келеді. Дәрі-суын дайындап беріп, сол науқасқа ішкізіңдер десем, дәрігерлер оған рұқсат бермейді. «Шарлатандарыңыз керек емес» деп жауап береді екен. Мұндайда мен де табандап тұрып аламын. Жер тепкілегендей болып отырып, жаңағы дәрігерге науқас өмірін сақтауы үшін мені тыңдауға мәжбүр етемін. Өйткені ауру айықса, бедел де, басқасы да өзіне келеді. Маған келіп-кетер дәнеңе жоқ. Бізді мойындамағандықтан, адам өліміне жол беріп алса, қиын болатынын да ескертемін. Осылайша табандап отырып, ренанимациядан аман шығарып алған науқастар көп болды. Шала туылған балаларды да өлім аузынан тірілтіп алған кездеріміз бар. Ал кейде дәрігерлердің өздері науқасқа био-энергия жетіспей тұрғанын сезіп, бізден көмек сұрап жатады. Мұндайда қуана-қуана қолғабыс жасаймыз. Мендегі жағдай осы, өзге емшілерді білмедім. Ал жалпы, мойындамаушылықтың бары жасырын емес қой. Бізге де, сізге де белгілі нәрсе.

- Жалпы, қарым-қатынас нашар дейсіз ғой...

- Жақсы емес. Шетелде мәселен, дәстүрлі медицина мен халық медицинасы біріге, тізе қоса отырып, екі жақтап салмақтап, таразылап, адам өмірі мен денсаулығы мәселесін шешеді. Мұндай жағдайда, әрине, адам өлімі аз болар еді. Менің арманым - Қазақстанда да дәл осындай бірлік болса екен. Бір-бірімізді жоққа шығарып емес, қайта толықтырып жұмыс жасасақ деймін...

- Қазақ «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дейді. Осы принциптегі халық медицинасының рөлі қандай? Яғни сырқаттың алдын алуда және оны болдырмауда...

- Өте зор. Біздің дәрі-суымызды пайдаланған адамдардың иммундық жүйесі күшейеді. Демек, ауру-сырқауға да адам ағзасы бой бермейтін болады. Қазір дүкен сөрелерінде түрлі ауызсулары сатылуда. Егер олардың бәрін біздің күшпен активтендіретін болсақ, онда оның құрамы өзгеріп, ерекше күшке ие болады. Ол тек таза су ғана болмайды, ол пайдалы суға айналады. Әрине, мұндай суларды үлкен зауыттарда шығара алмаймыз. Өйткені оларды тек тазалықты, туралықты ғана қажетсінетін, қаралықты көтермейтін кішігірім цехтарда шығаруға мүмкіндік бар. Қаралық бар жерде іс жүрмейді, өйткені бұл іс - өте кірпияз. Сондай-ақ біздің күшті медицинадан бөлек, қаралықты жоюға да жұмсауға болады, сөйтіп, отбасында бірлік-береке орнар еді.

- Қаралық дейсіз бе? Бұл қандай қаралық?

- Қаралыққа келсек, күні-түні әңгіме айтуға болады. Алайда адамдар бұған сенбейді. Сізге айтайын, халықтың 80 пайызы осы қаралыққа сенбегендіктен, зиян шегіп жатыр. Әйтпесе қаралықтың адамдарға, олардың үрім-бұтағына, жалпы, қоғамға келтіріп жатқан зияны шаш етектен. Оның түр-түрі бар. Ал қазір ең асқынып тұрғаны - жиі айтылатын қара магия мен домбарлап жасалатын дуа. Ол қызғаныш, көре алмушылықтан туады. Мұндайды біреу қызметте көтерілсе, тұрмысы жақсарса, атақ-марапаттарды иеленіп жатса, соны көре алмай жасап жатады. Шалып қалуға, кедергі келтіруге негізделеді. Жүрген жеріне, жолына, үйіне, жұмысына сеуіп, шашып тастап, әйтеуір қаралық жасайды.

- Сонда арнайы жасала ма?

- Иә, арнайы жасалады.

- Тіл-көзбен қатысы жоқ па?

- Жоқ, олар қаралыққа жатпайды. Неге десеңіз, жақсы көріп тұрып, тілі тиіп, көзі тиіп кететін адамдар болады. Ал қаралық біреуге зиян жасау мақсатында жасалады. Жақында бізге Астанадан бір жігіт хабарласты. Әке-шешесі науқас екен, тұрмыстары нашар, жұмыстары жүрмейді. Сонда байқағаным, бұл отбасына көршілері тарапынан қаралық жасалған екен. Кейін дәрі судың көмегімен емдеу, тазарту шараларын жүргіздік, қаралық қайтты. Ол өз иесін тапты. Бізде қаралықтан тазарту күші бар, алайда оны жойып жібере алмаймыз. Қаралық оны жасаған және жасатқан адамның өзін іздеп табады. Ол бір түсіндіруі қиын тылсым дүние. Қаралық жасалған адам еңсесін көтеріп, түзеле бастағанда, оны жасаған адам керісінше ауырады. Жаратушы Алла оны сілкілеп жазалайды.

- Иә, халықтың бұған сенбейтіні рас. Бұл өзі сырттан келген дүние ме, әлде қазақта бұрыннан бар ма еді?

- Бар. Бұл адам жаратылысымен бірге пайда болған дүние шығар. Бір замандарда күшейіп кеткен, бір замандарда басылған. Ал қазір қайта күш алып, бой бермей бара жатыр. Арамызда қасиеті бар адам көп қой, олардың ішінде күшін дұрыс бағытта жұмсамайтындары бар. Міне, қаралық жасаушылар солардың есебінен көбейіп барады. Бірақ таяқтың екі ұшы бар ғой. Олар қаралық жасағанмен, сол қаралығы түбі өзіне қайтып келеді. Бірақ соны біле тұра жасайтындарын түсінбеймін.

- Айтуыңызға қарағанда, қаралық қазақтың бәдік айтысына қатты ұқсайды екен... Екеуінің бір-біріне қатысы бар ма?

- Иә, сол ғой. Ата-баба заманынан бері бар. Кейін ол бәдік айтыстың ұмытылуына қаралықтың бәсеңдеуі себеп болған. Ал оны бертінгі ұрпақ рухани қараңғылыққа балады. Негізінде, аталарымыз оны білген, емдеудің тәсілін де меңгерген. Оған әлі-ақ көзіміз жетеді.

- Қазір қоғамда өз-өзіне қол жұмсайтындар көбейіп кетті. Деректеріне қарасаңыз, жағаңызды ұстайсыз. Жақсы, кейбіреуі тұрмыс күйзелісіне ұшырап, мұндай қадамға барды делік, алайда өмірдің ыстық-суығын да сезінбеген балалардың өмірден гөрі өлімді таңдауын дәрігерлер де, психологтар да түсіндіріп бере алмай отыр. Осы бір қоғамдық дерттің қаралықпен байланысы жоқ па?

- Әбден байланысты. Әрине, бәріне деп айта алмаймын. Өйткені мендегі ақпарат бойынша, арнайы қаралықтан жасалған суицидтер 2009 жылдан бері басталған. Ол жылы қаралық жасаушылар 1 бала мен 29 ересек адамды өлімге апарса, 2010 жылы 20 бала, 16 ересек жанды өз-өзіне қол жұмсатты. Ал келген қоян жылы 29 бала мен 20 ересек адамды осындай тағдыр күтіп тұр. Әрине, статистикалық деректер бойынша суицид саны бұдан әлдеқайда жоғары, өзгелерінің басқалай да себептері болса керек. Бірақ қаралық жасап, зомбиге айналдыратындар көбейіп келе жатыр. Бұл - бір арнайы топтың әрекеті. Еш мақсатсыз адамдардың санасын шырмап тастайды, осы бір әрекеттерінен ләззаттанады. Олар өмірді мүлде басқаша түсінетін топ. Таяуда гипноз жасау арқылы ақша айырбастау тректеріне ұрлыққа түскен жасөспірім қыз ұсталды емес пе, оның да осындай топтың мүшесі болуы бек мүмкін.

- Суицидтің бір себебін анықтап отырмын дейсіз... Енді онымен күрес жолын да ұсынатын шығарсыз...

- Күресу жолын білемін. Бірақ ол менің бүкіл уақытымды алады. Менің қызметім, отбасым бар. Менің бұл дүниедегі міндетім - адамдарды емдеу. Ал егер арнайы жұмыс тапсырылып, төтенше жағдайлар комитеті, құқық қорғау орындарымен бірігіп жұмыс жасайтын болсақ, олармен күресуге, оларды құрықтауға әбден болар еді. Әсіресе, мектептерге үлкен қадағалау қажет. Қаралығы бар ойыншық, кітап тастап кетуі мүмкін. Ойын баласы оны алып, үйіне әкеледі, содан қаралық бүкіл отбасына жайылады. Баланың миы арқылы кіріп, бүкіл денесіне тарайды. Қара энергетика жаулап алады. Онымен күресуде психологтар, дәрігерлер, мұғалімдер, ата-аналар дәрменсіз. Ақ жолдағы, қасиеті бар емшілер ғана жәрдемдесе алады. Кәдімгідей жылан арбағандай арбасып отырып күресеміз.

- Жә, медицинаға қайта оралайық. Онкологиялық аурулар өлім көрсеткіші жөнінен жыл сайын алдыңғы орындарды бермей келеді. Дәстүрлі медицинаның дәрменсіздігі осындайда көрініп қалады. Ал халық медицинасының онкологиялық ауруларды тізгіндеудегі қауқары қандай?

- Иә, онкологиялық аурулардың етек жайып кеткені рас. Обалы не керек, дәрігерлер емдеп-ақ жатыр, ота да жасайды, химия, сәуле терапиялары бар қолданыста. Бірақ пайдасы шамалы боп жатыр. Ота жасау арқылы ісік алынғанмен, біраз уақыт өте келе, тағы да жаңа ісіктер пайда болады. Яғни түбегейлі жазылып кетіп жатқан жоқ. Оның себебі - адам ағзасында ісіктің тамырлары қалып қояды. Көрініп тұрған ісікпен күресіп жатқанда, оның тамырлары басқа органдарды да зақымдап, ол жерлерде де ісіктің пайда болуы ғажап емес. Онкологиялық ауруларды тізгіндеудің басты қиыншылығы осында. Бізге емделуге келетін науқастардың дені де осы онкологиялық ауруларға шалдыққан. Көбі сырқаты асқынып, дәстүрлі медицинадан көмек болмаған кезде бір-ақ келеді. Өлім аузында тұрған жандарды біз аман алып қалдық. Ісіктің де түр-түрі болады, құлан-таза айығып кететіндері бар, ал кейінің өмірін бірнеше жылға ұзартуға мүмкіндік туады. Дәрігерлер 1 органынан ісік тапқан науқастардың бойынан біз бірнеше ісік тапқан кездеріміз болды. Ал емнен кейін қан құрамын тексергенде, ісік жасушалары мүлде жоқ болып шыққанда, дәрігерлердің өздері қайран қалысқан. Сондықтан да мен біз онкологияны тізгіндей алдық деп кесіп айта аламын. Халық медицинасының онкологияны түп-тамырымен жоюына қауқары бар. Оған тек сенім мен мемлекеттік қолдау қажет. Активтендірілген су, музыка терапиясы, арнайы жасалған киімдер арқылы-ақ ісікті емдеуге болады. Мұны біз ғана емес, біздің емдеу тәсілдерімізді зерттеп, қорытындыларын шығарған ғалымдарымыз да айтып отыр.

- Қандай ғалымдар?

- Сызғанов атындағы хирургия ғылыми-зерттеу орталығының ғалымдары. Солар тексерді, қорытындысын шығарды...

- Ғалымдар мойындаса, неге әдебиет ретінде шығармайды? Пайдасы зор деп тапса, неге университеттерде оқытпайды?

- Міне, зерттеулері қорытындыланып, әдістемелік құрал жазылып жатыр. Бұйыртса, медициналық академияларда оқытатын шығар. Бірақ бағана айтып өткен бір кедергі бар ғой. Дәстүрлі медицина мен халық медицинасының арақатынасы жақсы емес. Әйтпесе менің өзімнің де медакадемияларда арнайы дәрістер оқуға мүмкіншілігім бар. Екі арада достық көпірі болса, түк қиындық болмас еді.

- Емдеу ісінің ең негізгі бөлігі - дұрыс диагноз қою. Дәстүрлі медицинада арнайы диагностикалық орталықтар бар. Халық медицинасында ше?

- Халық медицинасының арнайы диагностикалық орталықтары шетелде бар. Қазақстанда әзірге мұндай тәжірибе жоқ. Көрші Қытайда да бұл шаруа өте жақсы дамыған. Бізде жоқ, бірақ болса бір халық медицинасы емес, жалпы, ел медицинасын дамытудағы үлкен серпін болар еді. Халық медицинасының диагностикасы дәстүрлі медицинаға қарағанда, әрі тиімді, әрі сапалы, әрі артық уақыт және қаражат шығынын қажет етпейді. Мәселен, мен алдыма келген адамға ешқандай техника, аппаратсыз диагноз қоямын. Науқас үшін узиге, томографияға түсіп, қан тапсырудың да қажеті жоқ. Рентгенге де жұмсамаймыз. Оның бәрін өзіміз көріп, анықтай береміз. Ал томографияға бір рет түсудің өзі 25 мың теңге екенін білетін халық ауырса да жүре береді. Өйткені толықтай диагностикадан өтуді оның қалтасы көтермейді. Әрі жұмысы да көп. Халық медицинасы болса, оның диагнозын әп-сәтте қойып бере алады. Егер дәстүрлі медицина өкілдері мойындамаушылықты қойып, біздің қойған диагнозымызға сүйеніп емдеу шараларын жүргізетін болса, тағы да өлім саны азаяр еді деп қайталап айтамын.

- Бір сұрақ туып отыр, жалған емшілерге қатысты. Айтқаныңыздың бәрі жөн ғой, бірақ халық емшілеріне баратын жандарда «алданып қалмаймын ба?» деген қауіп тұрады. Ал емханаға баратындарда мұндай қауіп аса бола бермейтіні рас. Сонда сіздіңше, еліміздегі емшілердің қанша пайызы тура жолда, ал қаншасы жалған емшілер?

- 40 пайызы. Жалған емшілерді айтамын. Осы 40 пайыз зиян, бізге, ақ жолды ту етіп ұстаған емшілерге тиіп жатыр.

- Ендеше, халыққа емшілердің шын-жалғандығын айыру үшін кеңес беріңіз. Қалай алданып қалмауға болады?

- Бұл енді сәл қиындау. Құжатын сұра дер едік, алайда сол 40 пайыз жалған емшілердің де құжаттары бар, жұмыстары қағаз жүзінде заңды. Сондықтан әр науқас емші алдына барғанда өзіндік «меніне» жүгінгені жөн деп есептеймін. Интуиция ешқашан алдамайды. Егер науқас емші алдына барғанда өзін жайбарақат, жайлы сезінетін болса, бойында қуаныш, сенім пайда болатын болса, онда емшінің көмегіне жүгінсін. Ал егер емшіге барғанда ешқандай жақсы сезім пайда болмай, қайта бойын қорқыныш, үрей билейтін болса, онда емшінің жалғандығы. Сондай-ақ емшінің бұрынғы жұмыстарының қорытындыларына, бұрынғы емделгендердің қалдырған алғыстарына назар аударғаны жөн. Әрине, мұндай кеңес айтудың өзі ұят, алайда соған мәжбүр болып отырмыз. Өйткені өркениетті елде жалған емшілер болмауы қажет. Мықты жүйе болса, жалған емшілер қызметке алынбас еді, лицензия берімес еді, керісінше, олардың аяғына тұсау ілінер еді. Алайда бізге заман мұндай мүмкіндік беріп отырған жоқ.

- Алайда заман дінге жақсы бетбұрыс беріп отыр. Осы жерден туындайтын бір сұрақ, сіздің медицинаңыз ислам медицинасымен астаса ма?

- Мен сізге бір оқиға айтайын. Таяуда Шығыс Қазақстан облысынан бір емделуші келді. Өзі емдік шөптерді жинаумен айналысады екен. Қолында 18-20 шақты дәрілік шөп түрі бар. Соларын дәріханаларға өткізіп тұрады екен. Бір қарағанда-ақ, жаңағы дәрілердің бойынан жаман энергетика байқадым. Рас, олар дәрілік шөптер тобына жатады, алайда өскен жеріне қарай, топырақ құрамынан бойына жаман энергетиканы сіңірген екен. Сөйтіп, санамалап отырып, жаңағы кісіге қолындағы шөптердің дәріханаға өткізуге жарайтынын айтып бердім. Сонда 5-7 түрі ғана жарамды болып шықты. Енді қазір менің ақылымды қаншалықты тыңдағанын білмеймін, бірақ шөп арқылы емдеудің де теріс жақтары бар. Ол сол шөптің өскен топырағына, ішкен суына байланысты. Осы жағынан келгенде ислам медицинасының негізгі емдеу тәсілі - шөп деп білсек, біздің медицинамен астаса қоймайды.

- Құпия болмаса, суды қалай активтендіретініңізбен бөліссеңіз. Бір қажы ағамыздың «Фатиха, Ықылас сүрелерін оқу арқылы судың құрамын өзгертіп барып ішемін» дейтіні бар еді.

- Мұны енді айта алмаймын. Менің бойымдағы күшті жария етсем, өзім таяқ жеп қаламын. Өйткені айтуға болатын жайттар болады және болмайтындары да болады. Сіз болмайтынын сұрап отырсыз.

- Жақсы. Халық медицинасы мен дәстүрлі медицинаның қызмет бағасы айырмашылығы қандай? Салыстырмалы түрде...

- Халық медицинасынікі әлдеқайда арзан әрі тиімді. Жоғарыда диагностика жасау жөнін әңгімелеп кеттім ғой, халық медицинасы ешқандай техниканы қажет етпейді, демек, әлдеқайда арзанға түседі ғой. Бірақ сонда да менен «сіз емді бизнеске айналдырып алған жоқсыз ба?» деп сұрап жататындар табылады. Алайда мені Украинаға, Ресейге, Қытайға қызметке шақырғандар болды. Бірақ менің емім қазақ халқына арналып, Жаратушы Алла мені осы жерге жібергеннен кейін менің басқа жаққа кетуге құқым жоқ. Пайданы көп тапсам да, аз тапсам да, өз халқыма қызмет жасаймын. Науқастың қалтасы көтермесе, тегін емдеп те жатамыз. Бірақ біздің бойдағы күш - құн жетпейтін қасиет деп аталады. Егер біз оның құнын тым арзандатып жіберсек, тағы өзіміз жазаланамыз. Сондықтан науқастарға тым құрыса 5-10 теңге қойғызып, емін бастап жіберетін кездер де болады. Ал біз тек қалталы азаматтарға қызмет көрсетіп жатсақ, онда «пайда табудың жолына айналдырып алды» деп айыптаса болады. Бірақ біздің емімізге жүгінетіндер - қарапайым халық қана.

- Сіз өз бойыңыздағы күшті толық мүмкіндікте пайдаланып отырмын деп ойлайсыз ба? Әлде жетпей жатқан жерлері де бар ма?

- Жанды жерімнен сұрақ қойдыңыз ғой. Мен толық пайдалана алмай отырмын. Өйткені қолдау жоқ. Мәселен, санаторий көлемінде жұмыс жасағым келеді. Дәрі суымды бөтелкеленген күйінде арнайы цехтарда шығарып, айналымға түсірсем деймін. Дәріханаға түссе, оған қолжетімділік артар еді. Адамдар ауырмай, ұзақ өмір сүрер еді, Тоқсанбайлар мен Сексенбайлар көбейер еді. Аймақтарда филиал ашар едім, өйткені халық емшілері үшін телефонмен-ақ диагноз қойып, емдеудің мүмкіндігі бар. Теледидар арқылы халыққа дәріс беріп, емдеу шараларын жүргізер едім. Егер сенбейтіндер болса, құқық қорғау органдары, дәрігерлер, ғылымдар - бәрі тексерсін, ақ-қаралығымды анықтасын, оған 100 пайыз дайынмын. Сөзімнің дәлелі ретінде 2010 жылы Кәсіби халық емшілерінің республикалық қауымдастығы «Ғасыр емшісі» атағын берсе, психолог, дәрігер, халық емшілерінің әлемдік қауымдастығы «2010 жылдың үздік емшісі» дәрежесін берді. Әрине, атақта тұрған дәнеңе жоқ. Тек халықты емдеуге, сауықтыруға мүмкіндік туғызса екен. Менің бар тілегім - осы...
- Әңгімеңізге рахмет!..

Сұхбаттасқан
Нұрболат АМАНЖОЛ

Ме­кен-жайы: Ал­ма­ты қала­сы,  Сей­фул­лин даңғылы, 288, қиылы­сы Жансүгіров к-сі, 1- қабат, 103-кеңсе.

Бай­ла­ныс тел.: 8 701 179 06 06, 8 701 432 34 55, 8 777 277 81 86,

8/727/382 72 31, 8/727/ 294 61 72.

ұқсас мақалалар
Келесі мақала
Алдыңғы мақала

© 2007- 2018 САЙЛАУХАН www.sailaukhan.kz
Нәтиже фото

Warning: Creating default object from empty value in /var/www/vhosts/sailaukhan.kz/httpdocs/modules/mod_random_image/helper.php on line 85

Қәзір 22 қонақ онлайн
Жиі оқылатын мақалалар

Warning: Creating default object from empty value in /var/www/vhosts/sailaukhan.kz/httpdocs/modules/mod_mostread/helper.php on line 79

Емші сөзіне құлақ түрсек

Get the Flash Player to see this player.